«Алмас ғұмыр — Астана»

5 шілде күні 2019 жылы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының оқу залында «Алмас ғұмыр — Астана» атты ашық есік күні өтті. Шараға Абылай хан атындағы орта мектеп жанындағы лагерінің оқушылары, ұстаздары, кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Барлығы – 35 адам. Іс-шараны аудандық кітапхана директоры Г.Жандосова құттықтау сөзбен ашып, шараға қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласының келе жатқан 21 жылдығымен құттықтады. Кітапханашы Г.Дүйсембинова астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының тарихы, ғимараттары, табиғаты туралы айтып өттіп, сөз кезегін оқушыларға берді. Оқушлар Астана туралы өлеңдер оқыды. Шара барысында кітапханашы Р.Курбанова «Астана — бейбітшілік ордасы» атты слайд көрсетіп, Г.Свинниникова «Астана — жаңғыру рәмізі» атты кітап көрмесімен таныстырып, оған әдеби шолу жасады.

На изображении может находиться: 7 человек, люди сидят и в помещении