Ата өнері – балаға мұра

Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында Халықаралық музей күніне орай 16 мамыр күні қолөнер шебері, Дәулет Дәркембайұлымен «Ата өнері – балаға мұра» атты жұлдызды қазына өтті. Іс-шараның мақсаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде ата — бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау; Оқырмандарға мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, халқымыздың ертеде пайдаланған заттарының қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру. Қолөнер шебері Д. Шоқпаровтың өз қолынан шыққан дүниелерімен таныстырып, жас ұрпақты қолөнер шебері болуға қызықтыру, баулу.

Реклама