Отан қорғаушылар — ел мақтанышы

ават6Мамыр айының бірінші аптасының соңында  Еліміз екі бірдей мерекені атап өтеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, соғыс және еңбек майданының мүгедектері, тыл белсенділері, барша халқымыз, жастар биыл да Отан қоғаушылардың күні мен Жеңіс мерекесін лайықты қарсы алғалы отыр. Отан қорғаушылар мерекесінің маңызы ерекше. Бұл күн — біздің даңқты Қазақстан Республикасының  тарихи мерекесі деп атауға лайық. Қазақстан әскері өзінің сапалық құрамы жөнінен бірыңғай қорғаныс жағдайын көздейтін, стратегиялық мақсаттағы әлемдегі қазіргі заманғы ең үлгілі әскер құрамы болып есептеледі.  Сондықтан да халқымыз өзінің қорғаныс күштерін, Отан қорғаушы сарбаздарын мақтаныш тұтады.  ават7

Жеңіс мерекесі — біздің әрқайсысымызға, үлкен мен кішіге бірдей жақын әрі жүрек толқытатын әсерлі күн. Біздің халқымыз бейбітшілік жолында қан төгіп, ең зұлым жау — неміс фашизмін тізе бүктірді. Сол Ұлы Жеңісімізге биыл 72 жыл толады.

ават5Бұл мерекелерді тойламайтын адам жоқ деп айтсақта болады. Сондықтанда ауылдық мәдениет үйі мен бірге ауылдық кітапханашы осы мерекелердің сценарийін құруда көп тер төкті. Өйткені бұл мерекелердің маңыздылығын жастарға жеткізу оңай емес. Бұл орайда мектеп белсенді оқушыларынан құрылған топ кітапханада бір апта бойы жұмыс жасады. Кітап беттерінде орын алған тарихи деректер мен ақын жазушылардың жұмыстарын реттеп маңыздысын алу оңайға соқпады. Кеш өте тартымды және тарихи оқиғаларға толы болды.

Реклама