«Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты әдеби кеш

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық кітапханасы Ават ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп, Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты әдеби кеш өткізді. Мақсаты : жас ұрпақты азаматтыққа өз елін, жерін сүюге, өз Отанының патриоттары болуға тәрбиелеу. Кешті Ән ұранмен бастап, мектеп директоры Нұрқасымова Айгүл жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді. Оқушылар дайындаған өлеңдерін оқып, Желтоқсан құрбандарын еске алды. Кеш барысында Ават ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Сайбусинова «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Реклама