1 июнь — Балалар күніне

Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардың бірі саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Уикипедия деректеріне сүйенсек, алғашқы Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілген. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Осы орайда Ават ауылдық мәдениет үйі алаңында үлкен іс-шара өткізілді. Бұл күні ауылдағы жас өспірімдерге үлкен той болды деп айтуғада болады. ават3Өйткені алаңға жиналған жас өспірімдерге ауылдық бизнесмендер атынан сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Жас өспірімдер  болса тақпақтарды жатқа айтып үлкендерді қуанышқа бөледі. Кеш соңында жас өспірімдер алаңға  төселген асфальтқа сурет салып алаңды безендірді.ават1

Реклама