Дара тұлға — Дәркенбай

Мамырдың 23-і күні қазақ қолөнерінің зерттеушісі, тарихшысы, айтулы шебер, этнограф суретші, мүсінші жерлесіміз Ұста Дәркенбайдың туғанына 70 жыл. Осыған орай Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.Жанаеваның ұйымдастыруымен «Ұста Дәркенбай» атындағы қазақ қолөнері музейінде мектеп оқушылары, аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Дара тұлға — Дәркенбай» атты танымдық кеш өтті. 100_5044Кешті жүргізуші  кітапханашы Л.Жанаева қатысушыларды атай келіп, әр кезде

Аллаһты аузынан тастамаған,

Біссіміләсіз бар ісін бастамаған,

Суретші де мүсінші асқақ ағам,

100_5058-деп сөз кезегін баяндама жасау үшін музейдің қор сақтаушысы Мақпал Бұтабаеваға берді. Кешке «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, Дәркенбай ағаның замандасы, Ақши ауылының тұрғыны зейнеткер Н.Ахметова, Д.Шоқпарұлының жары Балжан Шоқпарова, Д.Шоқпарұлының баласы Дәулет Шоқпаров дара тұлға туралы естелітерін айтып, келген қонақтарға және кешті ұйымдастырған кітапханашыларға алғыстарын білдірді. 100_5068

Реклама