«Жырлайды жүрек» атты өлеңді мәнерлеп оқудан сайыс

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Бәйдібек би ауылдық кітапханасының қызметкері Ж.Базарова және Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе отырып 31 қаңтар күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты өлеңді мәнерлеп оқудан сайыс өткізді. Сайысқа Бәйдібек ауылындағы Т.Әубәкіров және Н.Островский атындағы орта мектептерінен 11 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Іс-шара барысында «Ғасыр ақыны — Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Реклама