Кітапхана — білімпаздар мекені

«Кітапхана — білімпаздар мекені» атты ойын-саяхат Бәйдібек би ауылдық кітапханасында ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 1,3 сынып оқушылары тартылды. Кітапханаға келген 18 оқушы кітапхана ережелерімен танысудан бастады. Олар энциклопедияны қалай пайдалану керек немесе кітап қанша мерзімге беріледі деген сияқты сауалдарына тұжырымды жауаптар алды. Түрлі бағыттағы кітаптармен танысты. Ертегілер, аңыздар мен балалар поэзиясы кітаптармен қауышты. Кітапханаға саяхат жасау арқылы түрлі тақырыптағы кітап көрмелерін тамашалады.

Реклама