«Мерейлі Астана» атты мәнерлеп оқу сайысы

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Космос модельді ауылдық кітапханасында 2018 жылдың 26 ақпан күні Астананың 20 жылдығына орай «Мерейлі Астана» атты балалар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Іс-шараға І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы А.Мысаева балаларға жалпы Астананың тарихы жайлы мәлімет берді. Оқушылар өздерінің Астана жайлы жаттаған өлеңдерін оқыды және өздері шығарған өлеңдерін ортаға салды.

Реклама