«Қазақ тілім – ажарым, асыл қазынам» атты әдеби-танымдық кеш

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушыларды өз ана тілін қадірлеп, қастерлей білуге, әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасатынын ұғындыру мақсатында 5-сынып оқушыларының қатысуымен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Малыбай ауылдық кітапханасында 21 қыркүйек күні «Қазақ тілім – ажарым, асыл қазынам» атты тақырыпта әдеби-танымдық кеш өтті. Кітапханашы Г.Гаитова балаларға ана тіліміз халқымыздың рухани байлығы, өткеніміз бен бүгінгіміз, ертеңіміз бен болашағымыз, елдің елдігінің айғағы, салт-санасы, дәстүрі, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелін айтып өтті. Балалар тіл туралы өлеңдерін, білетін мақал-мәтелдерін оқыды. Ана тілінің қоғамдағы орны туралы айтылды. «Мақал жауап» яғни мақалдың бір жолы айтылып, оқушылар жалғасын тапты.

Реклама