«Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен танысу

Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 12 сәуір күні жарияланған .»Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен танысу мақсатында Нұра ауылдық әкімшілік қызметкері, мәдениет үйі, музей қызметкерлерінің арасында ой талқы өткізілді. Мақалада өзіміздің ерекше ұлттық тарихи -рухани кодымызды сақтай отырып, сана-сезіміміз бен дүниетанымымыздың тың, жаңа бағыттарда жаңғырта білуіміз, халқымыздың әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылып, жаҺандық аренада орын алып отырған бұлыңғыр жаңа тарихи кезеңнен сүрінбей өтуінің өзегі болатындығы айтылды. Сонымен қатар, оны жаңғыртудың бәсекелестікке қабілеттілік, прагматизм ,ұлттық бірегейлік , білім , жан-жақты даму , сананың ашықтығы сияқты бағыт -бағдарларын да айқындап , түсіндіріп өтті. Елбасы :»Табысты болудың ең іргелі , басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деген ұлағатты сөздерін ұстанып білімді болуға талпынайық , ағайын!

Реклама