«Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң — қасіретің» атты тақырыбында имаммен кездесі кеші

27 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимованың ұйымдастыруымен «Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң — қасіретің» атты тақырыбында имаммен кездесі кеші өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында діни радикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауы ең күрделі проблемаға айналып отыр. Діни экстремизм мен терроризм әрбір мемлекеттің ұлттық қорғау мүддесі деңгейінің тәуелділігін арттырып, әлемдік мәндегі проблемаға айналып отыр. Қоғамды жою, немесе жағдайды ұшықтыру мақсатында көбіне дінді пайдаланады, сол себептен жастарға өмірге ашық көзбен қарап, тура жолмен жүруге, өздерін алдауға жол бермеуге насихаттау. Кітапханашы діни экстремизм және терроризм жайлы толық мәлімет беріп, сөз кезегін ауылдың имамы Мұрат ағайға берді. Имам оқушылардың ойларында жүрген сұрақтарына жауап берді.Кездесу қызықты өтті. «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» атты кітап көрме ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Реклама