«Еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны» атты ақпарат сағаты

Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында
«Еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны»- атты ақпарат сағатын Мемлекеттік рәміздерімізге-25 жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, кешегі мен бүгінгіні байланыстырып отырған рәміздеріміздің мән-мағынасы тереңде жатыр. Оны қастерлей білу әрі дұрыс қолдану- әр азаматтың абыройлы міндеті. «Үш бәйтерегі» түгел тәуелсіз еліміздің жақында Елтаңбасына өзгерістер енгізілген болатын. Яғни, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Елтаңбаның жаңа стандарты қолданысқа енді. Осыған орай, кітапханада ауыл тұрғындарына ақпарат сағаты берілді.

Реклама