«Елін бастаған — Елбасы» атты әдеби кеш

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы Есимова Клара 29-қараша күні О. Жандосов атындағы орта мектептің 8 ә сынып оқушыларымен «Елін бастаған — Елбасы» атты әдеби кеш өткізді. «Елін сүйген, елі сүйген — Елбасы» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Елбасының балалық шағынан осы күнге дейінгі өміріне «Ұлы дала перзенті» атты слайд жасалды. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы оқушылар өздерінің елбасына арнаған өлең жолдарын жатқа оқыды. Кеште оқушыларға Елбасының өмірбаяны, еңбектері толығымен таныстырылды. Сахналық қойылым көрсетілді. Кеш соңында мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары сөз сөйлеп құттықтауын білдірді.

Реклама