«Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу кеші

Еңбекшіқазақ ауданы, Нұра ауылы О.Жандосов атындағы орта мектепте 23 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу кеші өтті. Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова «Туған елім — тірегім» және «Елім деген ер еді» атты кітап көрмелер ұйымдастырды. «Елім деген ер еді» атты кітап көрме ауылдың алғашқы қазығын қаққан, отыз жыл ел басқарған «Сөгеті» қой совхозының директоры, Еңбек ардагері болған Сағыныш Есбергеновке арналды. Кешке Нұра ауылынан шыққан белгілі азаматтар және әр салада жүрген ауыл мақтаныштары келді.

Реклама