«Жыр алыбы Жамбыл » атты дөңгелек үстел

Еңбекшіқазақ ауданы
Нұра ауылдық кітапханасында 28 ақпан күні кітапханашы К.Есимованың ұйымдастыру мен Жамбыл Жабаевтың туғанына 172 жыл толуына байланысты «Жыр алыбы Жамбыл » атты дөңгелек үстел өтті. Мектеп оқушыларына Жамбыл атамыздың өмірбаянынмен шығармаларынан толық мәлімет берілді. Жамбыл ақынның дастандары оқылып, жырларынан үзінділер оқылды. Мәдениет үйінің директоры және көркемдік жетекшісі қатысқан бұл іс шарада Жамбыл атамыздың Алғадай ұлын соғысқа шығарып салғандағы жыры және Кенен ақынның Жамбылға көңіл айтуы, Жамбылдың Алғадайды жоқтауы сияқты туындылары қамтылды.

Реклама