«Жұлдызды қала Астана » атты әдеби кеш

Оқырмандарды әсем қаламыз Астанамен таныстыру, Елорда туралы білімдерін толықтыру,еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту, туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу мақсатында және Астананың 20 жылдығына орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова 13 наурыз күні «Жұлдызды қала Астана » өткізді. Іс-шараға Ораз Жандосов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. «Астана — Отанымыздың жүрегі » атты кітап көрме ұйымдастырылды және слайд көрсетілді. Оқушылар арнау өлеңдерін оқып би биледі, ән айтты.

Реклама