«Пай-пай қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сайысы

Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К. Есимова Мәдениет үйінде Халықаралық аналар мерекесіне орай «Пай-пай қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сыны байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығымен қатар, салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Танымдық қабілетін арттыру.
Сайыс кезеңі 6 шарттан тұрды:
1. «Сәлем сөздің – анасы!» (Таныстыру)
2. «Өнерлі – өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету)
3. Салт – дәстүрден көрініс
4. «Ойлы болсаң, озып көр!» (Сұрақ-жауап)
5. «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» (Қазақтың ұлттық тағамдарын жасау)
6. Сән үлгісін көрсету.
Байқау алдында Нұра ауылының әкімі Дауытқұлов Еркінбек Аянбекұлы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын құттықтады. Байқауға қатысушы келіндер өз өнерлерін ортаға салып, сынға түсті.
Байқауға сайланған әділ қазылар алқасы келіндерге өз әділ бағаларын беріп, келіндерімізді марапаттады. Кеш соңында аналар мерекесіне орай ән айтылып, өлеңдерін оқыды. Байқау жақсы өтіп, келген қонақтар жақсы көңіл күймен тарқасты.

Реклама