«Тәуелсіздік — тұғырым» атты әдеби кеш

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық мәдениет үйінде 15-ші желтоқсан күні кешкі сағат 18 — 00де кітапханашы Есимова Клара мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік — тұғырым» атты әдеби кеш өтті. Кеш оқушылармен ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті. «Қазақстан -Тәуелсіз мемлекет» атты кітап көрме ұйымдастырылды. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру мақсатында өз Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ауылымыздың әкімі Дауыткулов Еркін Аянбекұлы сөз сөйлеп өз құттықтауын білдіп ауыл тұрғындарына мақтау қағаздарымен гүл шоқтарын табыс етті. Ауылымыздың ақсақалдар алқасының төреғасы Асенов Мәукен ата және зейнеткер құрмет медальының иегері Қашағанов Айтжан Нысанбайұлы сөз сөйлеп, құттықтауларын білдірді. Кешке дайындалған оқушылар өлеңдерін оқып, көріністерін көрсетіп, жақсы көңіл күйде тарасты.

Реклама