«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының кезекті Қазақстан халқына Жолдауы

Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында кітапхашы К.Есимованың ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының кезекті Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шараға ауылдық әкімшілік апаратының бас маманы Б.А.Түстікбаев, ауылдық спорт жөніндегі жетекші маман К.Жанбота, жастар ісі жөніндегі нұсқаушы маман К.Назарбеков, мәдениет үйінің директоры Д.Тұрғанбаев, мәдениет үйінің көркем жетекші Ж.Құрамаев және кітапхана оқырмандары қатысты.Кітапханашы жолдаудан туындаған негізгі 10 міндетті еліміздің жарқын болашағына бағытталғаны жайлы қысқаша шолу жасады. Д.Тұрғанбаев жолдаудағы тоғызыншы міндет «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі » жайлы пікірін білдірді. Барлығы өз ойларын ортаға салып,еліміздің өркендеуіне, көркейуіне өз үлестерін қосатынын білдірді.

Реклама