Универсиядаға орай шаңғы тебуден ойын-жарыс

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қысқы халықаралық Универсиядаға орай кітапханашы К.Еимова шаңғы тебуден ойын-жарысын өткізді. Оған О.Жандосов атындағы мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Жарыс алдында кітапханада Универсиада туралы толық ақпарат берілгеннен соң оқушылар жарысқа шықты. Жарыс қызықты өтіп, жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Реклама