«Қазақ жырының аламаны» атты әдеби кеш — жарыс

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапхасында 28-ші қыркүйек күні сағат 15.00 -де «Бір ел- бір кітап»акциясы аясында белгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында, О.Жандосов атындағы орта мектептің 8 ә сынып оқушыларымен «Қазақ жырының аламаны» атты әдеби кеш — жарыс өтті. Кітапханашы Есимова Клара Кемелғожақызы әдеби кешке келген қонақтармен және әділ-қазылар алқасымен таныстырды. Әдеби кеш шарттары :
1-тур: «Сәлемдесу-игі дәстүр киелі» .Бұл турда әр топ өзінің аты,ұраны,топ басшысын таныстырады.
2-тур: «Кім білімді». Бұл турға топ басшылары қатысады.Олар ақынның өмірі жайлы сұрақтарға жауап береді.
3-ші тур:»Ойлан,тап!»-топ мүшелері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап береді.
4-ші тур:»Қиял ғажап» топтарға сұрақ беріледі.Сол сұрақтарға жауап жазылу керек.
5-ші тур:»Ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту».
Жарысқа екі топ қатысты «Тапқырлар»және «Алғырлар». Жарыстың барлық турларында біліктіліктерін,білімділіктерін «Тапқырлар»тобы көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Кеш соңында әділ-қазылар алқасы сөз сөйлеп оқушыларды мақтау грамоталарымен марапаттады. «Алаш зиялысы-Сұлтанмахмұт » – атты кітап көрме ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. «Қазақ жырының майталманы — Сұлтанмахмұт Торайғыров»слайд көрсетілді. Кеш соңында 5 -ші сынып оқушылары би билеп жақсы көңіл күймен тарқасты.#руханижаңғыру

Реклама