«Қазақ поэзиясының Хантәңірі!» атты поэзия кеші

Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали ақынның жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова 7 ақпан күні Мәдениет үйінде «Қазақ поэзиясының Хантәңірі!» атты поэзия кешін О.Жандосов атындағы орта мектептің 5-10 сынып оқушылары арасында өткізді. Кітапханашы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір баянымен таныстырып және «Мұқағали – қазақ жырының Хантәңірі» атты кітап көрмесіне шолу жасап өтті. Іс-шараға 22 оқушы қатысты. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Мұқағали ақынның жырлары кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын жоғары дәрежеде көрсеткен оқушылар кеш соңында мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Реклама