Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы Каракемер ауылдык кітапханасының кітапханашысы Баймуханбетова Бекзат Орымбетов орта мектебінің оқушыларымен «Менің денсаулығым — менің байлығым» — атты ойлану сағатын өткізді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау; ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі заттарды колдану т.б. зиянды əдеттерден сақтандыру; дені сау жаны таза, ақылды, іскер азаматтар қалыптастыру. Жастар арасында темекі мен арақ — шарапқа əуестену, есірткі заттарды қолдану т.б. зиянды əдеттер белең алуда. Бұндай дауасыз дерт — ұрпақты уландырып, ағзасын аздырып, тектілігін тоздырып, өмірді құртатын айықпас кесел. Сондықтан да осы бір айықпас дертке жол бермей, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру — бүгінгі таңдағы басты мақсатымыз.
Кітапханашы оқушыларға салауатты өмір салты жайлы толық мəлімет оқып берді.
Оқушыларға салауатты өмір салты туралы қағаздар таратылды.
«Менің денсаулығым — менің байлығым» — атты ойлану сағаты
Реклама