Ұлт рухын оятқан — Дулат

Түрген ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 20 мамыр күні А.Жексенбеков атындағы қазақ орта мектебінің кітапхана залында «Ұлт рухын оятқан — Дулат» атты әдеби портреттік кеш өтті. IMG-20160622-WA0015Кітапханашы А.Карбозова ақынның өмірбаянымен танытырса, А.Жексенбеков атындағы қазақ орта мектептің кітапханашысы Г.Ашаданова ақынның шығармашылығымен таныстырып өтті. Оқушылар ақынның жыр — толғауларын жатқа айтса, 7 сынып оқушысы Үсен Есбол, 5 сынып оқушысы Жамбыл Арман есімді оқушылар ақынға арнап өздері шығарған арнауларын оқыды. «Еліне қорған болған ер» атты кітап көрме ұйымдастырылып, IMG-20160622-WA0014Түрген ауылдық кітапхананың кітапханашысы Г. Сайбусинова библиографиялық шолу жасады. Кешке қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

IMG-20160622-WA0009                                              IMG-20160622-WA0010

Реклама