«Еңселі Елбасы» атты сторителлинг

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасының оқырман залында Тұңғыш Президент күніне орай «Еңселі Елбасы» атты сторителлинг өткізілді. Сторителлинг барысында «Тәуелсіз елім – тірегім» атты слайд – шоу көрсетілді.

Кітапханашы М.Үмбетова кіріспе сөзінде Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек жолын кеңінен әңгімелеп, насихаттады. Сонымен қатар, Елбасының осы күнге дейінгі жетістіктеріне де тоқталды. Сондай – ақ, Елбасы туралы кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

Өз кезегінде сөз алған полиция ротасының сержанты Масимов Дамир: «Бүгінгі күні Тәуелсіз мемлекетте, Отанымыздың тыныштығында қызмет атқарудамыз. Осындай ширек ғасыр мерзімінде Қазақстанды гүлдендіріп, өркендетіп отынған Елбасымыздың еңбегі ерен. Бүгінгі іс – шарадан ол кісі туралы білмегенімізді біліп, кеңінен тани түскендейміз» — деп кешті қорытындылады.

Реклама