Жырымен жас ұрпақты тербеткен (Ж.Жабаев — 170)

12«Жырымен жас ұрпақты тербеткен (Ж.Жабаев — 170)» жыр кеші Шелек ауылдық кітапханасында өтті. Кешті Бахтияр Нәзия «Менің өмірім» атты өлеңін оқумен ашты. Кітапханашы М.Үмбетова алғы сөзінде биылғы мерейтой иелерінің алғашқысы болып жыр алыбы Жамбыл атамыздың 170 жылдық мерейтойын бүкіл қазақ елі болып тойламақшымыз. Осыған орай бүгін «Жырымен жас ұрпақты тербеткен» атты жыр кешін ұйымдастырып отырмыз. Жыр кеші «Жүз жасаған бәйтерек» слайд-галереясымен өрбімек.  Слайд-галереяда Жамбыл бабамыздың көп жариялана бермеген, өмірінің қызықты сәттерінен фотосуреттер мен деректер келтірілген» дей келе сөз кезегін жүргізушілерге берді.

Реклама