«Балалардың күлкісі – әлемнің сәні» — ертеңгілік

5 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасының оқу залында «Балалардың күлкісі – әлемнің сәні» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке Х.Бижанов атындағы орта мектебінің 1-2 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы М.Үмбетова балаларды төл мерекелерімен құттықтады. Оқушылар өз кезегінде өлеңдер оқып, әндер шырқады. Кеш соңында балаларға тәтті базарлық тарқатылып, кітапханаға жазылуға және жазғы демалыстарында кітап оқуға шақырды.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят и в помещении