саяхат – ойыны

Еңбекшіқазақ ауданы
Жазғы демалыс кезінде оқушларды кітап оқуға қызықтыру мақсатында Шелек ауылдық кітапханасы ұйымдастырды. Дәстүрге айналған бұл шараға Х.Бижанов атындағы орта мектептің 1 – 4 сынып оқушылары жылма – жыл атсалысып келеді. Биылғы жылы да дәстүрден айнымай кітапханаға саяхаттап келді.
Экскурсия барысында кітапханашы М.Үмбетова оқушыларға 4 бөлім: абонемент, анықтама-библиографиялық және балалар бөлімімен қатар, оқу залымен таныстырды. Таныстыру барысында оқушыларға кітапхана ережелері мен әр бөлімнің ерекшеліктерін таныстырып, каталогтар, картотекалар (соның ішінде жаңа технология ретінде КАБИС бағдарламасы), кітап қорымен кеңінен таныстырылды.
Оқырмандар залында оқушылармен әр түрлі ойындар ойнатылды.
Мысалы, кітапқа байланысты жұмбақтар жасырылды, ребустар шешті, сонымен қатар «Клубок», «Игривые пальцы», «Пузырки», «Олимпийские игры» және «До скажи словечка» ойындары ойнатылды.
Оқырмандар өз кезегінде өлеңдерін оқып, әндерін шырқап шараны ажарландыра түсті.
Экскурсия соңында ұстаздар өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, кітапхана ұжымдарына алғысын жеткізді. 

Реклама