«Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі (дерек пен дәйек)»

шелек1Тарихи – танымдық сағаты мәдениет үйінің төрінде өткізілді. «Экологиялық апаттардың қасіреті» атты слайд галереясы мен ЧАЭС туралы деректі фильммен өрбіді. Шараға ауылымыздағы 8 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, медициналық және политехникалық колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Мақсаты: жастарға Тәуелсіз Қазақстанның тарихы ядролық қарусызданумен тығыз байланысты екенін, нақты қауіпсіздіктің тірегі ядролық арсенал емес, сыртқы бейбітшілік сүйгіш саясат, ішкі тұрақтылық екенін көрсету. Біздің еліміздің ядролық қарудан бас тартып, бүгінгі және болашақ ұрпақ арасында үлкен жауапкершілік өнегесін көрсете білгенін түсіндіру. Адамзат тарихында өшпес қара дақ қалдырған сұмдық қайталанбасын.

Танымдық сағат жергілікті ақын Анарбек Бердібаевтың «Экология – өкініш өлең» атты өлеңін оқумен басталды. Әрі қарай медициналық колледж студенттерінің флешмоб көрсетуімен жалғасты. Кіріспеде жүргізушілер Семей полигоны, атом бомбасының зияны және Чернобыль оқиғасы туралы, сарбаздардың көзге көрінбейтін жаумен айқасы туралы қысқаша тоқталып өтті. Сағат барысында Ринат Беков, Жексенбай Құндыз бен Шолпан Ешматовалар патриоттық әндер орындады. Ауыл басшыларына және сарбаздарға сөз берілді. Сарбаздардың әңгімелері жастарды толқытып, олардың патриоттық сезімін оятты. Сонымен қатар көрермендерден түскен сауалдарға толық қанды жауап берілді. Қаза болған сарбаздарды еске алып үнсіздік жарияланды. Сағатты ауыл әкімінің орынбасары Бектасов Мәди Мадиярұлы қорытындылады.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s