«Қазақ жерінің тарихы (Қазақ хандығына – 550жыл)»

шелек2Тарихи калейдоскоп Т.Кенжебаев атындағы орта мектебінің кітапханасында 7 – 9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. «Қазақ елі – мәңгілік» көрмесі, «Тарих – ғасырлар куәсі» слайд – галереиясымен өрбіді. Кеш мақсаты: қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады. шелек3Кітапханашы өз сөзін Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауымен бастады. Жолдауда «2015 жыл —  ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие» деп көрсетілгендігін басты назарға ала отырып, Қазақ хандығының төрт ғасырлық шежіресінің елеулі кезеңдерінен сыр шерткен қысқаша тарихи – хронолоиялық шолуды жүргізушілер жалғастырды.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s