«Қазақ жырының аламаны» атты интеллектуалды брейн-ринг

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен белгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында, интернат аралық «Қазақ жырының аламаны» атты интеллектуалды брейн-ринг өткізді. Өз сөзінде кітапханашы шараға келіп отырған қонақтармен сәлемдесіп, әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтті. Сайысқа қатысушыларды сайыстың шарттарымен таныстырып өтті.
Брейн-ринг шарттары:
1-ші тур: «Сәлемдесу – игі дәстүр киелі». Бұл турда әр топ өзінің аты, ұраны, топ басшысымен таныстырады. Бұл кезеңнің ең жоғары ұпайы – 5 ұпай
2-ші тур: «Бәйге». Бұл турға топ басшылары қатысады. Олар бір минут ішінде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі жайлы сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
3-ші тур: «Ойлан, тап!» — топ мүшелері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы туралы дорбадағы сұрақтарына жауап береді.
4-ші тур: «Тосыннан тосқауыл…» — Топтарға 2 сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға жауап жазылу керек.
Шарт бойынша өз өнерлерін көрсеткен топтар таныстыру рәсімінен мүдірмей өтіп, барлығы дерлік қанжығаларына 5 ұпай байлады. Екінші бөлімде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтарға жауап берді. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай. Екінші кезеңнің қорытындысында ең жоғарғы ұпаймен «Болашақ» тобы алға суырылып шықты.
Үшінші айналым «Ойлан, тап!». Сайыстың шарты бойынша топ мүшелері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы туралы дорбадағы өлеңдерінен үзінді оқып берді. Дұрыс жауап 3 ұпайды құрады. Бұл мәреден «Жас қыран» тобы ең көп ұпай жинады.
Соңғы бөлім «Тосыннан тосқауыл…» айналымының ең жоғарғы ұпай саны 5-тік. Бөлімнің қорытындысы бойынша қатысушы үш топ та тең түсті.
Сайысты қорытындылары бойынша 1,2,3 орын иегерлері және әр топтың ең үздік мүшесі марапатталды, 1 орынды «Болашақ», 2 орын «Жас қыран» және 3 орынды «Бірлік» топтары иеленді. Сондай – ақ, балаларға патриоттық тәрбие беріп, қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген Абай атындағы қазақ орта мектеп жанындағы мектеп-интернаттың меңгерушісі Күбенбаева Айгүл Тұранқызы, тәрбиешілері Бокашова Мира және Сарыбаева Жансұлуларға алғыс хаттар мен естелік ретінде кітаптар сыйға берілді.
Кешті Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының директоры Салтанат Садыржанқызы Мамажанова қорытындылап, қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

Реклама