«Қаламын қаруға айырбастағандар» (М. Ғабдуллин – 100, Ә. Сәрсенбаев – 110, Б.Момышұлы – 100, Ж.Молдағалиев – 95) 

шелек4Әдеби – патриоттық кеш Т.Кенжебаев атындағы орта мектебінің акт залында, 7 – 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу. Отан қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, майдангер ақын – жазушылармен және олардың шығармашылығымен таныстыру. Кеш барысында «Ұлы Жеңіске тағзым!» құрмет көрмесі ұйымдастырылып, «Ұлы Жеңіс ұмытылмауы тиіс!» слайд – галереясымен өрбіді. Кітапханашы өзінің сөзінде қанқұйлы соғысқа басқа жұртпен бірге ақын – жазушыларымыздың да ұлы шайқасқа аттанғанын, қаламдары мен қанжарларын қатар ұстап күрескендер айта келе, бүгінгі кештің әңгімесіне арқау болған Әбу Сәрсенбаев, Жұбан Молдағалиев, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллиндер екендігіне тоқталды. Әрі қарай кезек жүргізушілерге беріліп олар кешті бастап кетті.

Кеште ақын – жазушылардың өлеңдері, толғаулары, нақыл сөздері оқылды. Олардың соғыстағы ерліктері, соғыс өтінде жүріп те қаламдарын тастамағандары әңгімеленді. Олардың шығармашылығы, ұлтжандылықтары оқушыларға ой салды.

Кеш барысында ҰОС жайлы слайд — галерея көрсетіліп тұрды. Өлеңдер оқылумен қатар патриоттық және соғыс туралы әндер де орындалды.

Кешті кітапханашы Жасабаев Бижамал қорытты.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s