«Үнсіз полигон» Семей полигонының жабылуына 26 жыл толуына орай дөңгелек үстел

Шелек модельді ауылдық кітапханасының оқу залында «Үнсіз полигон» Семей полигонының жабылуына 26 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы М. Үмбетова қонақтарды ардагерлермен таныстырды. Өзінің баяндамасында: «Биылғы жылдың 29 тамызында еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғашқы жарлықтарының бірімен Семей атом полигонының жабылғанына ширек ғасыр толып, әлемдік деңгейде аталып өтілгенін айтты.
Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 тамызды – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс – қимыл күні деп жариялағаны баршамызға мәлім. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарусыздану идеясының аясында атомды бейбіт мақсатта қолдану шаралары жыл өткен сайын жанданып, тамырланып келеді.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017 – 2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайланғаны туралы 2016 жылғы 28 маусымда Нью – Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында дауыс берудің нәтижесінде қол жеткізді.


Осы орайда Н.Ә.Назарбаев үндеуінде:
«Бұл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды. Біздің еліміз бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Семей ядролық полигонын жабу және қуаты жөнінен төртінші зымырандық – ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімімізді бүкіл жер шары біледі» деген болатын» деп, сөз кезегін Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Жампозова Майра Нұрғожақызына берді.
Майра Нұрқожақызы өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстан басқа елдерден бұрын ядролық қарудан бас тарта отырып, басқа жетекші мемлекеттерге үлкен үлгі көрсеткендігі, Елбасымыздың көрегенділігі екенін жеткізді.
Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің Шелек аймақтық бөлімше меңгерушісі Имашева Айнұр Өмірта

йқызы өз кезегінде бүгінгі отырған ардагерлерге мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер мен емдеу – сауықтыру орындарына тегін жолдама беріліп жатқандығын жеткізді.
Дөңгелек үстелді Чернобыль және Ауғанстан қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омаров Ержан қазіргі таңдағы ардагерлердің қал – ахуалдарымен кеңінен таныстырып, көрсетіп жатқан құрметтерді атап көрсетті. Оның ішінде мектепаралық көптеген іс – шаралар, спорттық ойындар мен кітапханадағы жиі кездесулер мысал бола алатындығын жеткізді. Өзінің ойын қорытындылай келе Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай мерекелік медальмен Семей полигонының ардагерін марапаттады.#руханижаңғыру

Реклама