«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы

Еңбекшіқазақ ауданы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы 12-ші сәуірде баспасөз беттерінде жарияланды. Осы мақалаға орай, Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітапханасында мәдениет үйі қызметкерлері, Қаражота ауылдық округінің әкімі аппараты қызметкерлерімен бірігіп ойталқы өтті.
Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде : «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Біріншіден , ұлттық сана сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бір қатар сипаттарын өзгерту».
«Ұлттық салт дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»-деп нықтап жазылуы ұлт зиялыларының көптен көңілінде жүрген, көптен күткен қадам екені рас.
Жаңа бағдарда ұлттық салт –сана , білім мен мәдениет, ұлттық руханият саласы тереңдей қамтылып, алдымызға дәйекті міндеттер ұсынылып отыр.
Қорыта айтқанда жалпы Бағдардан айқын көзқарас, жаһандану дәуірінде қалай да ұлт ретіндегі өз ерекшелігін сақтап, даму мұратынан туған күрескерлік, жаңашылдық аңғарылады. Осы қасиеттер намыс туын үнемі тік ұстайтын қазақ деген халықтың әрбір азаматының бойына дарыса деген тілек бар.

Реклама