«Желтоқсан желі ызғарлы» атты кітап көрмесі

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы 15 ші желтоқсан күні тəуелсіздік күніне орай Қаражота ауылының Б.Момышұлы орта мектебінде, мəдениет үйі қызметкерлері, орталық кітапхана, мектеп ұжымымен мерекелік кеш өткізді. Мерекелік жиында кітапханашы Ж. Ботамбаева «Желтоқсан желі ызғарлы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Келген қонақтар мен оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша тарихына тоқталды.Мерекелік жиында ауыл өнерпаздары мен оқушылар əн-жырларымен шашу шашты.

Реклама