Жыр алыбы — Жамбыл» атты дөңгелек үстел

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы
28-ші ақпанда Қаражота ауылдық кітапханасы мен мəдениет үйі қызыметкерлері, Б.Момышұлы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен Ж. Жабаевтың туғанына 172 жыл толуына орай «Жыр алыбы — Жамбыл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мəдениет үйінің көркемдік жеткешісі А.Айбасова ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан қысқаша мəлімет оқыды. Сонымен қатар кітапханашы Ж.Ботамбаева «Жыр алыбы — Жамбыл» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, ақынның кітаптарымен таныстырды. Осы іс шара барысында Ж. Жабаевтың өлеңдерінің ерекшелігі, суырып салма ақындығы жайлы оқушылар тереңірек мағлұмат алды. Оқушылар ақынның өлең — жырларын мəнерлеп оқумен аяқталды.

Реклама