«Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның» әңгіме

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы  Қаражота ауылдық кітапханасында Қарашаның 22-ші жұлдызы күні Халықаралық темекі
ден бас тарту күніне орай «Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның»  7-8 сынып оқушыларымен əңгіме өтті. Осы тақырыпқа байланысты кітапханашы Ботамбаева Ж.оқушыларға біраз мағлумат берді. Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол-əлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау жəне нығайту, сапалы тамақтану, зиянды əрекеттерден аулақ болу. Ал зиянды əрекет дегеніміз -қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу жəне нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері. Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым біліммен жақсы қаруланғаны шарт. Сонымен əңгімемізді қорыта айтқанда «Қазақстанның болашағы жастар» деп Елбасымыз жастарға сенім артып отырғандай, осындай жаман əдеттерден аулақ болып,еліміздің өркендеуіне үлес қоса білейік деп əгімемізді аяқтайық деді.

Реклама