«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

29 қаңтар күні Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаеваның ұйымдастыруымен ауылдық әкім аппаратында мәдениет қызметкерлері мен әкім аппаратының қатысуымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында талдау өтті. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетінімізді айтып, ел экономикасын дамытудың басым 10 бағытын көрсетіп берді. Біз Елбасының саясатын қолдай отырып, Жолдауда көрсетілген мәселелерді рет-ретімен шешеміз, мемлекетіміздің одан әрі дамуына қол жеткіземіз және оған нық сенімдіміз. Әрбір Қазақстан азаматы Жолдауда белгіленген бағдарламаларды іске асыруға өз үлестерін қосу қажет. Жолдау толығымен халық үшін, ел игілігі үшін жасалып отыр. Жиналғандар оз ойларын ортаға салып, Жолдауды қолдайтындарын білдірді.

Реклама