«Шексіз алғыс айтамыз» атты мерекелік кеш

1 наурыз «Алғыс айту» күні Қазақстан халқын мәңгілік біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының қазақстандық бірегейліктің арқауы. Бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен кілісім саясатының салтанатты күні. Осы мерекеге орай Қаражота Мәдениет үйі қызметкерлері, ауылдық кітапхана, мектеп ұжымының ұйымдастыруымен мектепте «Шексіз алғыс айтамыз» атты мерекелік кеш өтті. Кешке ауыл тұрғындары,( әр ұлт өкілдері), ұстаздар, оқушылар қатысты. Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаева «Қазақ еліне тағзым» атты кітап көрме ұйымдастырып, шолу жасап өтті. Оқушылар мен мәдениет өнерпаздары ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Реклама