«Шығамын тірі болсам адам болып» атты әдеби-танымдық сағат

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Қаражота ауылдық кітапханасында 21 қыркүйек күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Шығамын тірі болсам адам болып» атты әдеби-танымдық сағат өтті. Қатысқандар: 7-8 сынып оқушылары. Кітапханашы Ж. Ботамбаева оқушыларға ақынның өмірбаяны, шығармашылығы туралы кең көлемде мағлумат беріп, сөз кезегін жиналғандарға берді. Оқушылар С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқа оқып, «Қамар сұлу» романына талдау жасап, кітап көрмесімен танысты. #руханижаңғыру

Реклама