Қазақ музыкасының қайраткері

ҚазССР-ның  халық артисі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик А.Қ.Жұбановтың туылғанына 110 жыл толуына орай кітапханада  «Қазақ музыкасының қайраткері» деген тақырыпта жаднама жасалынды. Жаднама алғы сөзбен басталып, одан әрмен қарай  бөлімдерге бөлініп қойылды. Ол үш бөлімнен тұрады:

  1. бөлім: Өнерғұмыр
  2. бөлім: Саңлақ
  3. бөлім: Мәңгі өшпейтін із — деп аталады
  4. бөлім: Ахмет Қуанышұлының қалам ұшынан туған, «Ән — күй сапары», «Өскен өнер» жинақтарына кірмеген, алғашқы мерзімдік баспада жарияланған автобиографиялар мен очерктер, естеліктер мазмұндалған. Оларға қыздары Ғазиза Ахметқызының және Ақжар Ахметқызының әйгілі династияны беделді көрсететін естеліктері қосылды.
  5. бөлім: Замандастарының лебіздері шоғырланған қызметтес серіктері Ғ.Мүсірепов, Х.Ерғалиев, Б.Момышұлы, әртүрлі шығармашылық зерттеушілері, Жұбанов туралы жазылған кітаптардың авторлары — Қ.Жұмалиев, П.Аравин, Ж.Рсалдин, Ахмет Қуанұлының Ғылыми жетекшілігінде диссертация қорғаған шәкірттері, олардың қатарындағы музыка танушылар — Б.Ерзакович (1951), Г.Бисенова (1966) және Б.Ғизатов бар.
  6. бөлім: Әр он жылдық мерейтойлар материалдары ұсынылды. А.Қ.Жұбановтың мұрасын бағалау мен өткен жылдардағы (1966 -1996жж) зерттеу материалдардың ішінде ғылым — композитордың отаны Ақтөбеде өткен 100 жылдық мерейтойда ерекше белсенділік танытқан зерттеушілердің материалдары кірді.
Реклама