«Ата Заң — елдігіміздің еңсесі» атты дөңгелек үстел

29 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында Конституция күніне орай «Ата Заң — елдігіміздің еңсесі» атты тақырыпта, ауылдық округі аппаратының жастармен жұмыс жөніндегі əдіскер Жакаева Дианамен бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізілді. Жасыл ел бағдарламасының жасақшылары қатысты. Конституцияның сипаты, маңызы, Ата Заңның қалыптасу тарихының кезеңдері жəне ерекшеліктері туралы түсінік берілді. Оқырмандар өз ойларын ортаға салды. Кітапханашы А.Дюсембиева — Конституция күнімен құттықтап, қатысқандарға ризашылығын білдірді.

Реклама