«Ертегілер əлемінде» атты кітап көрмесі

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы 21 қараша күні Қаракемер ауылдық кітапханасында оқушыларға арналған «Ертегілер əлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: кітап оқушылардың сенімді досы, көмекшісі екендігі, оны оқысаң биік шыңдарға жетелейтінін дəріптеу, кітап арқылы оқушылардың ой — өрісін, сөйлеу мəдениетін дамыту, ертегі оқуға қызығушылығын арттыру. Келешек жас ұрпақ тəрбиесінде кітаптың алатын орны ерекше екендігін айта отырып ұқыпты ұстауға үйрету,кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру. Кітапханашылар оқушыларды кітаптармен таныстырып кітап оқуға шақырды.

Реклама