«Жырлайды жүрек» атты ән-жыр сайысы

1 ақпан күні Еңбекшіқазақ аудан көлемінде аудандық » Жырлайды жүрек» атты əн — жыр сайысы Қаракемер ауылының Мəдениет үйінде Мұқағали Мақатаевтын 86 жылдық туған күн қарсаңында ұйымдастырылды. Бұл байқауға 20 селолық округтен сайыскерлер қатысты.
Байқауға қатысушылар Мұқали Мақатаевтын өлеңдерін шебер орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Наширбекова осы іс-шараға байланысты «Өмірі өлеңмен өрілген» атты кітап көрме ұйымдастырып, ақынның кітаптарын кеңінен насихаттады.

Реклама