«Туған жер» бағдарламасының аясында дөңгелек үстел

Еңбекшіқазақ ауданы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының аясында бүгін Қаракемер ауылдық кітапханасында дөңгелек үстел өтті. Қатысқандар: мəдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекқызы, мəдениет үйінің қызметкерлері, Қаракемер ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі əдіскер Жакаева Диана жəне жасыл ел бағдарламасының жасақшылары. Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашы Дюсембиева Альбина «Таза болса маңымыз сау болады тәніміз»- деп дана қазақ халқы айтпақша Жасыл ел жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септіктерін тигізіп, тазалық барысында игілікті істердің үлгісі болуда.Қоғамға пайдасын тигізу тұрғысында аянбай қалмайтынын айтып өтті.

Реклама