Ашаршылық — азалы жылдары

2019 жылдың 30 мамыр күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының кітапханашылары Г.Дүйсембинова мен Р.Курбанова 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Абылай хан атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен «Ашаршылық — азалы жылдары» атты слайд аукцион өткізді. Іс-шара бір минут үнсіздікпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алумен басталды. ХХ ғасырдағы қазақ ұлты тартқан ең ауыр азап – мыңдаған жазықсыз жапа шеккендер, миллиондаған қазақтың басын жұтқан ашаршылық, қазақтың бетке ұстар қаймақтарын қынадай қырып салған репрессия жайлы кітапханашылар баяндама жасады. «Зұлмат жылдар қасіреті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпаққа қанқұйлы жылдар оқиғасымен таныстыру, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың есімдерін ұмытпай, оларды мәңгі есте сақтау.

Реклама