«Бір ел — бір кітап»

1 ақпан күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасы және Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінің ұйымдастыруымен Рахат№1 орта мектебінде «Алаш жұртының алыптары: Әбділда мен Әбіш» атты ауызша журнал өтті. Ауызша журнал келесі беттерді тұрды. 1 бет – «Акция тарихы», 2 бет — «Сыр бойының мәуелі бәйтерегі — Әбділда Тәжібаев», 3 бет – «Маңғыстаудың заңғары — Әбіш Кекілбаев», 4 бет «Бір ел – бір кітап» кітап көрмесіне шолу. Екі ақының өмірі мен шығармашылығына аудандық кітапхана әдіскері Г.Саурықова және кітапханашы Г.Дуйсенбинова шолу жасап, слайд көрсетті. Оқушылар Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін, Ә.Кекілбаевтың романынан монолог оқыды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.

На данном изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят, экран и в помещении