Алғыс айту күні

Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен                                А.Мәлкеев атындағы  «Білім-Инновация» лицей-интернатының  демалыс бөлмесінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты  27 ақпан күні дастархан басында  7 сынып оқушыларымен «Алғыспен ел көгерер…»  тақырыбында ой-талқы  өткізілді.  Оқушылар алғыс айту дегеннің не екеніне тоқталып, өздерінің  мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, пәтерлерін жинап, аулаларының қарларын ашып тазалағандықтарын  сонымен қоса өздерінің осындай оқу орнында білім алып жүргендіктері ата-аналарының арқасы және білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдеріне де алғыс айтуды ұмытпады. Оқушылар өз ата-аналарына деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін көрсетті.  Алғыстың шегі болмайтынын  айтып, еркін әңгіме-сұхбат жүргізілді. «Не деу керек?», «Кім көп мақал біледі?» ойындары ойнатылды. 14 науырыз алғыс айту күні. Осы күні адамдар бір-біріне алғыс айтады. Рахмет айтады!

На данном изображении может находиться: 3 человека, люди сидят и в помещении

Реклама