Аудандық Мәдениет үйіне Т.Молдағалиев аты берілді

Еңбекшіқазақ ауданы 20 қазан күні Есік қаласындағы мәдениет үйіне Т.Молдағалиев аты беріліп, алдындағы алаңға ескерткіші қойылды. Ашылу салтанатына ҚР-ның қоғам қайраткерлері, жазушылар одағының мүшелері, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Омар, ақынның жары Күлтай Қасымқызы мен Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек, Талғар, Іле аудандарының өкілдері қатысты. Аудандық кітапхана көрме ұйымдастырып, ақынның кітаптарын насихаттады.

Реклама